Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 156 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қарашада N 4-4-146 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің 24.05.2011 № 77 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-II "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі тұрғындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына екі ай мерзімге шектеу қойылсын.
      2. Аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесіне (Х. Қабасов - келісім бойынша) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына "құтыру" ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу және сапалы жүргізілуін бақылауға алып отыру ұсынылсын.
      3. Аудандық емхана әкімшілігі (Ғ. Қабделов - келісім бойынша) мен аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Ө. Шакесова - келісім бойынша) ауру малды бағып-күткен тұрғындарды дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу ұсынылсын.
      4. Забурын селолық округіне (Б. Құсайынов) селолық округ аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
      5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
      6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                           З. Сүйнешов
Келісілді:
Аудандық аумақтық инспекциясы
бастығының міндетін атқарушы                М. Жағпаров
23.10.2009 ж.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы             Ө. Шакесова
23.10.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады