Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық әкімиятының 2009 жылғы 3 маусымдағы № 153 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 7 шілдеде № 4-6-84 тіркелді. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 285 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2012.10.16 № 285 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 3, 13, 14  тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отыру ұсынылсын.
      3. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы тобы ішінен жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі бекітілсін.
      4. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Сүйеуова) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде ұйымдар берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын.
      5. Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 12 наурыздағы N 54 "Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" (мемлекеттік тіркеу N 4-6-50 "Дендер" N 17 /7596/ газетінде 2007 жылдың 28 сәуірінде жарияланған), аудан әкімиятының 2007 жылғы 26 қарашадағы N 267 "Индер ауданы әкімиятының 2007 жылғы 12 наурыздағы "Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" N 54 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу N 4-6-61 "Дендер" газетінде N 3 /7634/ 2008 жылдың 18 қаңтарында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Д. Меңдігереевке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Нәутиев

      Келісілді:

"Ақнұр" шаруа қожалығының            "Арал" шаруа қожалығының
төрағасы:__________С.Отаралы         төрағасы:__________И.Насыров
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Дана" ЖШС-нің директоры:            "Дулат" ЖШС-нің директоры:
_______________ Қ.Бекенов            ______________К.Сабырғалиев
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Ертөстік" шаруа қожалығының         "Есбол" ЖШС-нің директоры:
төрағасы:__________ Ж.Қазиев         _______________ М.Сапаров
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Жанбай" шаруа қожалығының           "Жарсуат" өндірістік
төрағасы:__________ Ғ.Нұғман         кооперативінің төрағасы:
                                     __________ Д.Таженов
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Жетібай" шаруа қожалығының          "Индерводоканал" мемлекеттік
төрағасы:__________Қ.Молдашев        коммуналдық кәсіпорнының
                                     директоры:_________ Б.Оразов
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.
 
"Индер-КомСервис" мемлекеттік        "ИСИГипсИндер" ЖШС-нің бас
коммуналдық кәсіпорнының             директоры:_________А.Ребенсдроф
директоры:__________ И.Ихласов

"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Испусинов" шаруа қожалығының        "Кенжәлі" шаруа қожалығының
төрағасы:___________Р.Испусинов      төрағасы:___________А.Кенжалиев
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Қай-Нұр" шаруа қожалығының          "Мағзом мұрасы" шаруа
төрағасы:___________ Ғ.Қағазов       қожалығының төрағасы:
                                     ___________ К.Жалиев
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Медет" шаруа қожалығының            "Нұрет" шаруа қожалығының
төрайымы:___________ О.Баетова       төрағасы:___________ М.Ильяс
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж

"Нұрлыбек" шаруа қожалығының         "ПромСтройЦентрСервис" ЖШС-нің
төрағасы:___________ Н.Жалиев        ЖШС-нің директоры:
                                     ___________ А.Ермұханов
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж       
"Сапар" шаруа қожалығының            "Талапкер" шаруа қожалығының
төрағасы:__________М.Түсіпқалиев     төрағасы:__________ К.Жардемов
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж.

"Ықылас" шаруа қожалығының           "Ынталы" ЖШС-нің директоры:
төрағасы:_________ Е.Дүйсенғалиев    _________ С.Қабдықайыров
"____" _____________2009 ж.          "____" _____________2009 ж

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 3 маусымдағы 
N 153 қаулысымен бекітілген

Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі

1. "Ақнұр" шаруа қожалығы;
2. "Арал" шаруа қожалығы;
3. "Дана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4. "Дулат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
5. "Ертөстік" шаруа қожалығы;
6. "Есбол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7. "Жанбай" шаруа қожалығы;
8. "Жарсуат" өндірістік кооперативі;
9. "Жетібай" шаруа қожалығы;
10. "Индерводоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
11. "Индер-КомСервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
12. "ИСИГипсИндер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
13. "Испусинов" шаруа қожалығы;
14. "Кенжәлі" шаруа қожалығы;
15. "Қай-Нұр" шаруа қожалығы;
16. "Мағзом мұрасы" шаруа қожалығы;
17. "Медет" шаруа қожалығы;
18. "Нұрет" шаруа қожалығы;
19. "Нұрлыбек" шаруа қожалығы;
20. "ПромСтройЦентрСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
21. "Сапар" шаруа қожалығы;
22. "Талапкер" шаруа қожалығы;
23. "Ықылас" шаруа қожалығы;
24. "Ынталы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      Ескерту. толықтырулар енгізілді - Индер ауданы әкімдігінің 2010.02.26 № 36 қаулысымен.
25. "Айсұлтан" шаруа қожалығы;
26. "Алға" шаруа қожалығы;
27. "Бірлік" шаруа қожалығы;
28. "ЖК Кисимов" жеке кәсіпкер;
29. "Иманқұл" шаруа қожалығы;
30. "Қалыбай" шаруа қожалығы;
31. "Нұржан" шаруа қожалығы;
32. "Тоқбай" шаруа қожалығы;
33. "Төлес" шаруа қожалығы;
34. "Шыңғыс" шаруа қожалығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады