Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 маусымдағы N 153 "Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 36 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызда № 4-6-96 тіркелді. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 285 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Индер ауданы әкімдігінің 2012.10.16 № 285 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 3)13)14)  тармақшаларына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 57 баптарына, Атырау облысының әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Индер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 маусымдағы № 153 "Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4-6-84 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізіміне "Айсұлтан", "Алға", "Бірлік", "ЖК Кисимов", "Иманқұл", "Қалыбай", "Нұржан", "Тоқбай", "Төлес", "Шыңғыс" шаруа қожалықтары енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Индер ауданы әкімдігінің 2010.07.27 № 150 қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                  Ж. Рахметқалиев
      Келісілді:
      "Айсұлтан" шаруа қожалығының төрағасы:        А. Жұмағұлов
      26.02.2010 жыл

      "Алға" шаруа қожалығының төрағасы:            Ө. Хихимов
      26.02.2010 жыл

      "Бірлік" шаруа қожалығының төрағасы:          Е. Даутбай
      26.02.2010 жыл
      "ЖК Кисимов" төрағасы:                        Н. Кисимов
      26.02.2010 жыл
      "Иманқұл" шаруа қожалығының төрағасы:         С. Өтешов
      26.02.2010 жыл
      "Қалыбай" шаруа қожалығының төрағасы:         С. Төлегенов
      26.02.2010 жыл
      "Нұржан" шаруа қожалығының төрағасы:          Қ. Жалиев
      26.02.2010 жыл
      "Тоқбай" шаруа қожалығының төрағасы:          С. Садыков
      26.02.2010 жыл
      "Төлес" шаруа қожалығының төрағасы:           А. Исаев
      26.02.2010 жыл
      "Шыңғыс" шаруа қожалығының төрағасы:          А. Дауталиев
      26.02.2010 жыл
      "ИндерГаз" ЖШС-нің директоры:                 А. Құсайынов
      26 шілде 2010 жыл
      "Индер-Келбет" ЖШС-нің директоры:             Б. Ізмағамбетов
      26 шілде 2010 жыл

Аудан әкімдігінің    
2010 жылғы 27 шілде   
№ 150 қаулысымен бекітілген

Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқаорналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі

      1. "ИндерГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      2. "Индер-Келбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Аудан әкімдігінің   
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 36 қаулысымен бекітілген

      Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізімі:
      1. "Айсұлтан" шаруа қожалығы;
      2. "Алға" шаруа қожалығы;
      3. "Бірлік" шаруа қожалығы;
      4. "ЖК Кисимов" жеке кәсіпкер;
      5. "Иманқұл" шаруа қожалығы;
      6. "Қалыбай" шаруа қожалығы;
      7. "Нұржан" шаруа қожалығы;
      8. "Тоқбай" шаруа қожалығы;
      9. "Төлес" шаруа қожалығы;
      10. "Шыңғыс" шаруа қожалығы.
      11. "ИндерГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      12. "Индер-Келбет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады