Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 12 мамырдағы N 171-ХVІІІ шешімі Құрманғазы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 маусымда N 4-8-150 тіркелді. Күші жойылды - аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 234-ХXV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - аудандық мәслихаттың 2009.12.23 N 234-ХXV шешімімен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа алып және аудандық прокуратураның 2009 жылғы 18 наурыздағы N 29/09 наразылығы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 130-ХІІІ "2009 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 28 қаңтарында N 4-8-137 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2009 жылы 12 желтоқсанда N 7 жарияланған) шешімінің 1-тармағындағы "381-бабымен" деген сөздер "383-бабымен" болып өзгертілсін.

      2. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясына  тапсырылсын.


      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

      ХVІІІ сессиясының төрағасы            Ш. Жалелов 

      Аудандық мәслихат хатшысы             Р. Сұлтанияев




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады