Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 72 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 наурызда N 14-6-69 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 451 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009.09.30 N 451 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қазығұрт ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 05.01.2009 жылғы N 2-8/5 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан көлеміндегі Жігірген ауыл округі Айнатас, Қызыл-бұлақ, Тесік төбе елді мекендерінде, Рабат ауыл округінің Атбұлақ елді мекенінде жануарлардың арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізілген аймақта ветеринариялық-санитарлық талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алсын.
      3. Жігірген, Рабат ауыл округтері әкімдері осы қаулының 1 тармағында көрсетілген елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әжіметов
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазығұрт аудандық аумақтық
      инспекциясының бас мемлекеттік
      ветеринариялық инспекторы                  Шойбеков Абай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады