Ауданның кейбір елді мекендерінде карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 шілдедегі N 331 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 шілдеде N 14-6-78 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 512 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2010.11.23 N 512 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қазығұрт ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 2-8/320 санды ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округіне қарасты Тілектес, Жаңаталап, Қарабастау, Жаңажол елді мекендерінде жануарлардың арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізілген аймақта ветеринариялық-санитарлық талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алу ұсынылсын.
      3. Жаңабазар ауыл округінің әкімі (А.Ташқұлов) осы қаулының 1 тармағында көрсетілген елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Момыновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі:                               Н.Әжіметов 

      КЕЛІСІЛДІ     

      Қазығұрт аудандық аумақтық
      инспекциясының бас мемлекеттік
      ветеринариялық инспекторы:                 А.Шойбеков

      8 шілде 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады