Үржар ауданындағы тірі мал сататын "Мурат" мал базарына шектеу іс-шараларын қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 304 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 08 маусымда N 5-18-79 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 шілдедегі N 420 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық әкімдігінің 2009.07.10 N 420 қаулысымен.

      Үржар ауданындағы орталық "Мурат" тірі мал базарына жануарлар мен адамға ортақ бруцеллез індеті қалыптасып отырған күрделі жағдайдың орын алуына байланысты, Қазақстан Республикасы  "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10-шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданындағы орталық "Мурат" тірі мал базарына ауыл шаруашылығы малдарының негізгі бөлігі бруцеллезге тексеріліп болғанша  40 күн мөлшерінде уақытша бруцеллез індетінен шектеу қойылсын.
      2. Эпизоотияны жою жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10-шілдедегі № 339 Заңына сәйкес іске асырылсын.
      3. Шектеу іс шараларының ұйымдастырылуына және атқарылу барысына ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы (Б. Сатай келісімі бойынша) бақылау жүргізуі ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу Үржар ауданының ауыл шаруашылық бөлімі ММ-сі бастығына (А. Бексұлтановқа) жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданы әкімінің м.а.              Ж. Байсабыров

      Келісілді:
 
      ҚР АШМ АӨКМИК аудандық
      аумақтық инспекциясының бастығы         С.Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады