"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын" бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 21/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қарашада N 5-19-107 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 6/3-V шешімімен

      Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.11.21 N 6/3-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабы 5-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы» бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                   С. Руденко
 

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы              Ә. Баяндинов

Шемонаиха аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 қазандағы
№ 21/6–ІV шешімімен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек төлемін реттейді.
      2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы нұсқаулықты қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
      3. Отын сатып алуға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - әлеуметтік саладағы мамандарға) көрсетіледі.
      Мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 7700 теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде төленеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011.06.17 № 37/7-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн  өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.12 № 4/7-V (жарияланғаннан кейін 10 күн  өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2. Тағайындау

      4. Әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік көмек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органымен тағайындалады. Әлеуметтік көмегін тағайындау үшін келесі құжаттар тапсырылады:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
      5) жұмыс орнынан анықтама;
      6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шот бар екендігін растайтын құжат.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012.07.12 № 4/7-V (жарияланғаннан кейін 10 күн  өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Осы нұсқаулықты қолданатын екі немесе одан көп тұлғалар бірге тұрғанда, әлеуметтік көмек әр қайсысына беріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу

      6. Әлеуметтік саладағы мамандарға әлеуметтік көмегін қаржыландыру қаржы жылына осы мақсаттарға көзделген жергілікті бюджет қаражаттары есебінен іске асырылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

4. Есеп, бақылау және есеп беру

      7. Әлеуметтік саладағы мамандарға жыл сайынғы біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу жөніндегі есепті, бақылауды және есеп беруді жүргізу Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады