Тасқала ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы" N 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 181 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 9 маусымда № 7-11-94 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 319 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 08.12.2015 № 319 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы" 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 310 қаулысына (мемлекеттік тіркеу N 7-11-81, 30 қаңтар 2009 жылы N 6-7 аудандық "Екпін" газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулының 1 қосымшасы төмендегідей 12-тармағымен толықтырылсын:
      12. Бастапқы, орта, жоғары кәсіптік оқу орындарын бітіруші түлектер.
      2. "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "2009 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы" N 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 136 қауылысы бұзылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Ә. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады