Аршалы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 25/4 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда № 1-4-166 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 қарашадағы № С 34/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 18.11.2014 № 34/6 (қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді) шешімімен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 422 бабының 2 тармағына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аршалы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім Аршалы ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы аудандық
      мәслихатының
      сессия төрағасы                            Ю.Сериков

      Аршалы аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ю.Сериков

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігі
      Салық комитеті
      Ақмола облысы бойынша
      Салық департаментінің
      Аршалы ауданы бойынша
      Салық басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Б.Махметов

Аршалы аудандық мәслихатының
2010 жылғы 10 ақпандағы № 25/4
шешіміне қосымша.

Аршалы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық ставкалары
(айына салық салудың бір бірлігіне)

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықты бірыңғай ставкалар
(айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

2

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы

7

3

Ойын өткізу үшін пайданалатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

35

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады