Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылының аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № А-9/176 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 қазанда № 1-8-101 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № а-2/32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2011.02.04 № а-2/32 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 892 ұсынысының негізінде, Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылында ауыл шаруашылығы жануарларының арасында эмфизематозды карбункул ауруы ошағын оқшаулау және тарауына жол бермеу мақсатында Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылының аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Эмфизематозды карбункул ауруы ошағын оқшаулау және тарауына жол бермеу жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Шынтеміровке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б. Сұлтанов

КЕЛІСІЛДІ

      «Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік
      инспекция Комитетінің аудандық
      аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж. Жақанов

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігінің Ақмола
      облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитеті
      Департаментінің Егіндікөл ауданы
      бойынша мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Аманжолов

Бекітілген
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ А-9/176 қаулысына қосымша

Эмфизематозды карбункул ауруы ошағын оқшаулау және тарауына
жол бермеу жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Реттік №

Іс - шаралар

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

1

Эмфизематозды карбункулға бейім ауыл шаруашылығы жануарларын аула аралап тексеру жүргізілсін

«ҚР АШМ АӨК МИК Егіндікөл ААИ» ММ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), Егіндікөл ауданы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша), Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Карантин кезінде

2

Тұрғындар арасында эмфизематозды карбункул қоздырғышының ерекшеліктері, індеттің алдын алу және жою туралы ветеринарлық-
ағартушылық жұмыстары жүргізілсін

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Карантин кезінде

3

Ұзынкөл ауылдық округінің Тоғанас ауылында 3 айдан бастап 4 жасқа дейінгі ірі қара малға вакцина егілсін

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ

Карантин кезеңінде

4

Ұзынкөл ауылдық округінің Тоғанас ауылында мал тұрған қоршаулар мен қораларды залалсыздандыру жұмыстары ұйымдастырылсын

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Егіндікөл ауданы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Нұсқауға сәйкес карантин кезінде

5

Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылының шекарасындағы жерлерді жырту, карантин кезінде көлікті қолданып тәулік бойы кезекшілікпен қоршаулар жабдықталсын

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ

Карантин кезеңінде

6

Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылының аумағына карантин мерзімі аяқталғанша жануарлардың барлық түрін, мал шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, жүн, тері) әкелу және шығаруға толығымен тийым салынсын

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі

Карантин кезеңінде

7

Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылының аумағында және малдың шоғырланған орындарында тәртіптің қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін (үй және жабайы жануарлардың мүрделерінен тазарту, ластанған учаскелерді залалсыздандыру)

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Егіндікөл ауданы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Карантин кезеңінде

8

Ұзынкөл ауылдық округі Тоғанас ауылының аумағында нұсқауға сәйкес залалсыздандыру, дәрілеу және дератизациялау жөніндегі іс-шаралардың өткізілуі қамтамасыз етілсін және олардың сапасына бақылау жасалсын

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Егіндікөл ауданы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Карантин кезеңінде

9

Эмфизематозды карбункул ауруына күдік туғызатын жануарлардың мүрделері және ол жануарлардан алынған өнімдер өртеу жолымен мерзімінде жойылсын

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Нұсқауға сәйкес карантин кезінде

10

Малдардың жайылымына арналған аумақты пайдалану кезінде эмфизематозды карбункул бойынша эпизоотиялық жағдайға қатаң есеп жүргізуге қол жеткізілсін

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Тұрақты

11

Мал иелерінің малды кезеңдік жайылымға айдау кезінде қойылатын талаптарды қатаң орындауларына қол жеткізілсін

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Тұрақты

12

Эмфизематозды карбункул ауруына күдіктену кезінде барлық мал басына термометрия жүргізу, клиникалық белгілері бар жануарлар (ақсақ, ісік, температурасы жоғары) жеке топтарға бөлінсін және оларға ерекше және симптомдық емдеу жасалып, толық оқшаулау жағдайында ұстау қамтамасыз етілсін

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Тұрақты

13

Эмфизематозды карбункулға қатысты белгілері бар малдардың өлуі кезінде патологиялық материалды (бұлшық еттің кесегі және паренхиматоздық органдары) арнайы герметикалық қорапқа буып-түйіп ветеринарлық зертхана РМК облыстық филиалына қолма-қол жіберу қамтамасыз етілсін

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша), «Егіндікөл ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі

Көрсеткіштер бойынша

Ескерту: қысқартылған атауларды түсіндіру:

ММ – мемлекеттік мекеме

ҚР АШМ АӨК МИК ААИ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясы

Егіндікөл ауданы бойынша МСЭҚБ – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады