2011 жылы Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № А-11/379 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 10 қаңтарда № 1-10-131 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1106 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (бір жылдан артық);
      3) әлеуметтік–психологиялық оңалту курсынан өткен есірткіге тәуелді болған адамдар;
      2. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің «2010 жылы Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 9 шілдедегі № а–7/196 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-10-123 тіркелген, 2010 жылғы 27 тамыз айында аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2010 жылғы 28 тамыз айында аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының әкімі                Т.Хамитов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облыстық денсаулық сақтау
      басқармасының жанындағы
      «Еңбекшілдер аудандық орталық
      ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері        Д.Сыздықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады