2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Сандықтау ауданының Қорғаныс істер і жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 14 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 10 қаңтарда № 1-16-117 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-14/421 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 11.04.2013 № 04-14/421 хатымен).

      «Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Сандықтау ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Мельников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады