Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекенінде шектеу шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қазанда № 3-4-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс селолық округі әкімінің 2010.11.22 № 13 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27, 30 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптары, Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 4–2/622 санды ұсынысын басшылыққа ала отырып, село округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жарқамыс селолық округінің Жарқамыс және Жанғана елді мекеніндегі мүйізді ірі қарадан жұқпалы пастереллез ауруының анықталуына байланысты бұл ауруды басқа елді мекендерге таратпау мақсатында шектеу іс – шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Шектеу шаралары бойынша:
      шектеу жарияланған елді мекендер көлемінен ауылшаруашылық малдарын айдап әкету, әкелу және бұл жерлер арқылы өтуге шектеу қойылсын;
      барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін;
      3. Село округі әкімі аппаратының бас малдәрігері, бас маманына (Қ. Шанин) ауырып өлген малдарды көметін мал моласына салып өртеу, елді мекен көлемінде пастереллез ауруына қарсы егу жұмыстарын малдәрігерлік заңдылықтар негізінде жүргізу және ол малдардың ұдайы малдәрігерлік бақылауда болуын қамтамасыз ету, ауру шыққан қожалықтардың ауласын, мал қораларын бұл аурумен күрес ережесіне сай залалсыздандыру шараларын алу тапсырылсын.
      4. Селолық дәрігерлік емхананың бас дәрігеріне (С. Тілегенов) елді мекеннің санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауыма аламын.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Село округі әкімі:                         С. Дербісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады