Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Ырғайты ауылдық округінде белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 01 қарашадағы N 71 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 17 қарашада N 2-5-134 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 21 мамырдағы "Ырғайты ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан құтырма ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ырғайты ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғайты ауылдық округінің бас маманы Еділ Серікұлы Машановқа жүктелсін.
      3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.

      Ырғайты ауылдық округі
      әкімінің уақытша міндетін
      атқарушы                                   М. Абдығалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алакөл ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" ММ бастығы                     М. Сайболатов
      8 қараша 2010 жыл

      "ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Алакөл аудандық аумақтық
      инспекциясы" ММ бастығы:                   А. Қабаев
      8 қараша 2010 жыл

      "Алакөл ауданының орталық
      ауруханасы" МК бастығы:                    М. Әбдіғалымов
      8 қараша 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады