Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 41-253 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 13 тамызда 2-9-111 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 ақпандағы N 50-303 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2011.02.21 N 50-303 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Ескелді ауданы мәслихатының
      IV шақырылымындағы мәслихатының
      XLI сессиясының төрайымы                   Құлбекова Бижамал Бекенқызы

      Ескелді ауданы хатшысы                     Тастанбаев ҚалабекТастанбайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады