Панфилов ауданы бойынша 2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 11 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 02 наурызда N 2-16-103 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 577 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010.12.30 N 577 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов ауданы бойынша 2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, ұйымдардың тізбелері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және қаржыладыру көздері (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстар аудандық қаржы бөлімімен жергілікті бюджетте қаралған, бекітілген қаржы мөлшерінде және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен төленеді.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың төлем ақылары екінші деңгейдегі банкі арқылы жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына жіберілсін.
      4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін айлық еңбек ақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде төленсін.
      5. Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі "Панфилов ауданы бойынша 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар туралы" N 220 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2009 жылғы 25 мамырда N 2-16-85 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 маусымында N 25 "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
      7. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
29 қаңтардағы "Панфилов ауданы
бойынша 2010 жылға арналған
ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы" N 11
қаулысымен бекітілген
қосымша

Панфилов ауданы бойынша 2010 жылға жұмыссыз азаматтарға
арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, ұйымдардың тізбелері,
көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін
ақының мөлшері және қаржыландыру көздері

Р/с

Жұмыс
берушілер

Жұмыстың түрі

Көлемі мен
нақты
жағдайлары

Еңбек
ақы
төлеу
мөлшері

Қатысу-шылар
саны
(адам)

Қаржыл-ландыру
көзі
(мың
теңге)

1

Жаркент, Айдарлы, Бірлік, Көктал, Қоңырөлең, Сарыбел, Пенжім, Үлкенағаш, Шолақай, Үшарал, Үлкен-шыған, Басқұншы, Талды, Жаскент қала, ауыл округ әкімдері

1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына, қала және ауыл мекендерін тазалауға көмек көрсету.

Жұмыс
берушілер
-дің тапсырысын
-да көрсетілген
жұмыстың
көлемі
бойынша,
жұмыстар
икемді
график
бойынша
ұйымдасты
-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

249

Жергі-
лікті бюджет

2. Өңірді экологиялық сауықтыру мақсатында аумақтарды көгалдандыру, көріктендіру.



249

Жергі-лікті бюджеттен

3. Жол жөндеу жұмыстары (жол жиектерін көгалдандыру, тазалау жол бойындағы қоқыстарды және жол элементтерін тазалау, оларды әктеу, сырлау, қоқыс шығару, қураған ағаштарды кесу).



30

Жергі-лікті бюджеттен

4. Көшелердің арықтарын тазалау, қазу.



55

Жергі-лікті бюджеттен

5. Қоршауларды жөндеу және сырлау.



12

Жергі-лікті бюджеттен

6. Көшеттер отырғызу және оларды күту.



5

Жергі-лікті бюджеттен

7. Шаруашылық кітаптарды толтыруға көмектесу (округтағы үйлерді аралап малдарын санауға көмектесу және арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды атқару).



13


8. Атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылардың құжаттарын қабылдауға көмек көрсету (округтегі үйлерді аралап малдарын санауға, құжаттарды реттеп тігуге көмектесу және арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды атқару).



17

Жергі-лікті бюджеттен

9. Архитекту-ралық және тарихи-мәдени ескерткіштерді, қалпына келтіруге көмек көрсету (сырлау, тазалау, әктеу).



3

Жергі-лікті бюджеттен

2

Панфилов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Өңірде қоғамдық науқандарды өткізуге қатысу, әскерге шақыру науқанына көмек көрсету (шақырту қағаздарын тарату, құжаттарды тігуге көмектесу және арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды атқару)

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

12

Жергі-лікті бюджеттен

3

Панфилов аудандық кітапхана

Кітап қорын қалпына келтіруге көмектесу (жыртылған кітаптарды түптеу, реттеу)

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

6

Жергі-лікті бюджеттен

4

"Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі

Мұрағат материалдарын қалпына келтіруге көмектесу (мұрағат құжаттары реттеу, ескі құжаттарды тігу)

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

7

Жергі-лікті бюджеттен

5

Панфилов аудандық әділет басқармасы

Мұрағат материалдарын қалпына келтіруге көмектесу (мұрағат құжаттарын реттеу, ескі құжаттарды тігу)

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

3

Жергі-лікті бюджеттен

6

Жаркент қалалық мүгедектер қоғамы

1. Жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге көмек көрсету (үйлерін анықтау, сырлау, тазалау) (әлеуметтік жоба).

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

6

Жергі-лікті бюджеттен

2. Аула клубының жұмысына көмек көрсету (ақтау, сырлау, тазалау) (әлеуметтік жоба).



14

Жергі-лікті бюджеттен

3. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тұрғын үй жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету (ақтау, сырлау, тазалау) ("Рақымшылық" әлеуметтік жоба)



9

Жергі-лікті бюджеттен

4. Жұмысқа орналастыруға көмек көрсету "Демеу" орталығы (ха апару, құжаттарды тігу және басқа арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды атқару) (әлеуметтік жоба)



5

Жергі-лікті бюджеттен

7

Панфилов аудандық Ауғаныстан соғысының мүгедектерінің ерікті қоғамы

1. Халықты әлеуметтік әлсіз тобына, тұрмысы нашар отбасындағы жасөспірімдер мен жұмыс жүргізу "учаскелік полиция қызметкерлер-мен арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды атқару) (әлеуметтік жоба)

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

13

Жергі-лікті бюджеттен

2. Спорт клубтарын дамытуға жәрдемдесу (ойын алаңдарын дайындау, турнирлер өткізуге көмек көрсету) (әлеуметтік жоба)



2

Жергі-лікті бюджеттен

8

"Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясының Панфилов аудандық филиалы

Хат апару, құжаттарды тігу және арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды атқару

Жұмыс берушілер-дің тапсырысын-да көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша, жұмыстар икемді график бойынша ұйымдасты-рылады

Ең
төменгі
жалақы
мөлшерінде

10

Жергі-лікті бюджеттен


Барлығы




720

31424,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады