Панфилов ауданы бойынша 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 220 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 25 мамырда N 2-16-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 11 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Панфилов ауданы бойынша 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, ұйымдардың тізбелері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және қаржыландыру көздері (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
       2. Қоғамдық жұмыстар аудандық қаржы бөлімімен жергілікті бюджетте қаралған, бекітілген қаржы мөлшерінде және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен төленеді.
       3. Қоғамдық жұмыстарға қатысқандардың төлем ақылары Панфилов аудандық почта байланыс торабының бөлімшелері арқылы жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына жіберілсін.
       4. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін айлық еңбек ақы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде төленсін.
       5. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері болады:
      1) жұмыссыздарға әдейі арналған;
      2) жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
      3) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша ұйымдастыруға болады;
      4) аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы болады;
      5) арнаулы білімі жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.А. Раевқа жүктелсін.
       7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Панфилов ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі
"Панфилов ауданы бойынша
2009 жылға арналған ақылы
қоғамдық жұмыстар туралы"
N 220 қаулысына қосымша

Панфилов ауданы бойынша 2009 жылға жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, ұйымдардың тізбелері, көлемі мен ңақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және қаржыландыру көздері

р/с

Жұмыс
берушілер

Жұмыстың түрі және көлемі

Қатыcушылар
саны (адам)

Қаржыландыру
көзі
(мың теңге)

1

Жаркент,
Айдарлы,
Бірлік,
Көктал,
Қоңырөлең,
Сарыбел,
Пенжім,
Үлкенағаш,
Шолақай,
Үшарал,
Үлкеншыған,
Басқұншы,
Талды,
Жаскент қала,
ауыл
округ
әкімдері

1. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық ұйымдарына, қала және ауыл мекендерін тазалауға көмек көрсету (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

244

Жергілікті бюджеттен

2. Өңірді экологиялық сауықтыру, аумақтарды көгалдандыру, көріктендіру, орман парк шаруашылығын сақтау мен дамыту (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

259

Жергілікті бюджеттен

3. Жол жөндеу жұмыстары: жол жиектерін көгалдандыру, жол бойындағы қоқыстарды және жол элементтерін тазалау, оларды әктеу, сырлау, жол жиектерін тазалау, қоқыс шығару, қураған ағаштарды кесу (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

30

Жергілікті бюджеттен

4. Көшелердің арықтарын тазалау (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

60

Жергілікті бюджеттен

5. Құрылыс жөндеу жұмыстары, қоршауларды жөндеу және сырлау (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

10

Жергілікті бюджеттен

6. Көшеттер отырғызу және оларды күту (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

5

Жергілікті бюджеттен

7. Шаруашылық кітаптарды толтыруға көмектесу (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

13

Жергілікті бюджеттен

8. Атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылардың құжаттарын қабылдауға көмек көрсету (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

17

Жергілікті бюджеттен

9. Архитектуралық және тарихи-мәдени ескерткіштерді, қалпына келтіруге көмек көрсету (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

3

Жергілікті бюджеттен

2

Панфилов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Өңірде қоғамдық науқандарды өткізуге қатысу, әскерге шақыру науқанына көмек көрсету (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

12

Жергілікті бюджеттен

3

Панфилов аудандық кітапхана

Кітап қорын қалпына келтіруге көмектесу (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

6

Жергілікті бюджеттен

4

"Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі

Мұрағат материалдарын қалпына келтіруге көмектесу (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

10

Жергілікті бюджеттен

5

Жаркент қалалық мүгедектер қоғамы

1. Әлеуметтік көмектер, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге көмек көрсету (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

6

Жергілікті бюджеттен

2. Тұрмысы төмен отбасыларындағы балалармен жұмыс істеу, аула маңындағы балалар клубын ұйымдастыру (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

3

Жергілікті бюджеттен

3. Хат-хабарларды адресаттарға апарып беру (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

1

Жергілікті бюджеттен

4. Ұлы Отан соғысы ардаргерлеріне тұрғын үй жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету ("Рақымшылық" әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

6

Жергілікті бюджеттен

5. Бірінші, екінші топтағы мүгедектермен жұмыс жүргізу (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

1

Жергілікті бюджеттен

6. Әлеуметтік көмектер, мүгедек балаларға көмек көрсету (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

1

Жергілікті бюджеттен

7. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары бойынша аула маңындағы клубтар (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

11

Жергілікті бюджеттен

8. Жұмысқа орналастыруға көмек көрсету "Демеу" орталығы (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

5

Жергілікті бюджеттен

6

Панфилов аудандық Ауғаныстан соғысының мүгедектерінің ерікті қоғамы

1. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына, тұрмысы нашар отбасындағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізу (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

13

Жергілікті бюджеттен

2. Футбол клубын ұйымдастыру (әлеуметтік жоба) (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

2

Жергілікті бюджеттен

7

Панфилов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

1. Мәдени және спорттық қызметтің кең көлемді шараларын, спорттық жарыстар, фестивальдар, әртүрлі мейрамдар ұйымдастыруға көмектесу (жұмыс берушілердің тапсырысында көрсетілген жұмыстың көлемі бойынша);

2

Жергілікті бюджеттен


Барлығы


720

29095,0

      Алматы облысының статистика Департаментінің мәліметі бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына Панфилов ауданында 3956 жұмыссыз азамат бар, оның ішінде 720 адам қоғамдық жұмысқа жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады