2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі N 12/07 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 тамызда N 8-14-122 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 8-9/304 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011.04.13 N 8-9/304 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өкілетті органда тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес нысаналы топтардан 53 жұмыссыз үшін алты ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Кәсіпорындарға әлеуметтік жұмыс орындарды тәртіп бойынша ұйымдастыру үшін Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген жеке еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
      3. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнар Тақуқызы Жүпенова) белгіленген тапсырма талабы мен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде кәсіпорындардың өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды өтінімдер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдама берілсін.
      4. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Мақсұтов Данияр Зарлықұлы) 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 6360 (алты миллион үш жүз алпыс мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      6. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы "2009 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2009 жылдың 31 наурызында тіркелінді, тіркеу N 8-14-91) N 04/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 7 шілдедегі
N 12/07 қаулысының қосымшасы

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Нұра ауданының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің тізбесі:

N

Ұйымдардың және жеке кәсіпкерлердің атауы

Әлеуметтік жұмыс орындарының саны

1.

Шаруа қожалығы "Айтешева А.С."

7

2.

Жеке кәсіпкер "Әбілдіна Ғалия Құдайбергеновна"

10

3.

Жеке кәсіпкер "Қарбаева Жұмабике Зейнұллина"

8

4.

Жеке кәсіпкер "Абсаттарова Ермек"

4

5.

Жеке кәсіпкер "Маденова Балжан"

2

6.

"Нұркен" шаруа қожалығы

5

7.

"Қаратал" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

12

8.

Жеке кәсіпкер "Тусупбекова Гульнара Еслямовна"

5


Барлығы:

53

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады