Жаңаөзен қаласында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарларды ұстау Ережесі туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 07 қазандағы № 31/236 шешімі. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қарашада № 11-2-146 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 7/68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012.07.25 № 7/68 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Жаңаөзен қаласында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарларды ұстау туралы Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ж. Исабергенов

      Қалалық Мәслихат
      хатшысы                                 М. Сарыев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қалалық ауыл шаруашылық және
      ветеринария бөлімінің бастығы
      Б.А.Нұржауов
      7 қазан 2010 ж.

Қалалық мәслихаттың 2010 жылы
7 қазандағы № 31/236 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жаңаөзен қаласында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарларды ұстау ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Жаңаөзен қаласында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарларды ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, қала тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай - ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
      2. Осы Ережеде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау, қалалық аумақтық инспекциясы, қалалық коммуналдық - шаруашылық және ауыл шаруашылығы бөлiмдерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Осы Ереженің талаптары меншiк түрiне және ведомствалық бағыныстығына қарамастан, Жаңаөзен қаласының және Теңге, Қызылсай ауылдарында орналасқан жеке және басқадай меншiгiндегi жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелерiне таралады.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау.

      4. Санитарлық – гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат берiледi:
      1) көп пәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде екi иттi iрi және орта тұқымды және екi мысықты үш айлық ұрпақтарымен қоса ұстауға;
      2) жасы екi айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулаумен шұғылданатын мекемеге берiлуi тиiс;
      3) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналды пәтер), тек өзiнiң жанұясы тұратын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша ит пен екi мысықты тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға;
      4) жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған iргелес аумақта, осы аумақтың иелерiнiң рұқсатымен ғана немесе басқа құқық иелерiнiң рұқсатымен екiден беске дейiн иттер мен мысықтарды ұстауға болады. Күзетшi иттер жақсы қоршалған аумақтарда, қоршаулар жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын, өтiп бара жатқан адамдарды қауып алу мүмкiндiгiн, қоршаудан шығып кетуiн болдырмайтындай болу керек. Аулада иттiң бар екенiн ескертетiн көлемi 20х30 см тақтайшаға иттiң суретi салынып "ит күзетедi!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазу жазылып, кiретiн жерге iлiнуi керек;
      5) егер жануарларды ұстау жағдайы зоогигиеналық және санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес келсе жеке тұрғын үйлерде екi иттен бес итке дейiн ұстауға;
      6) балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiнiң "жанды бұрыштарында", "зоологиялық бұрыштарында" жазғы және қысқы демалу, денсаулықты жақсарту санаториялық – курорттық мекемелерде тек санитарлық эпидемиологиялық, ветеринарлық қызметтердiң рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;
      7) қонақ үйде иесiнiң итпен және мысықпен қоныстануы санитарлық – гигиеналық ережелердi сақтаған жағдайда қонақ үй әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi;
      8) кәсiпорындардың, ұжымдардың, мекемелердiң, азаматтардың коммерциялық емес бағбандық және және саяжайлық бiрлестiктерiнде, демалыс базаларында иттердi байлаулы және арнаулы вольерлерде, адамдарды мазаламайтын, айналасындағыларға қауiп төндiрмейтiн жағдайда, күзету мақсатында ұстауға.
      5.Мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
      2) көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәлiздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда) үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үйлердiң жанындағы орындардан басқа), жатақхананың дәлiздерiнде иттер мен мысықтарды ұстауға;
      3) көзi әлсiз көретiн адамдарды алып жүретiн иттерден басқа иттердi қоғамдық тамақтану кәсiпорындарында, азық - түлiк дүкендерiнiң сауда және өндiрiстiк залдарында, қызмет көрсету орындарымен мәдениет мекемелерiнде ұстауға;
      4) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
      5) иттер мен мысықтарды оның терiсiн пайдалануға, етiн тұтынуға, өңдеу және сату үшiн оларды ұстауға немесе аулауға;
      6) Жаңаөзен қаласының аумағында және Теңге, Қызылсай ауылдарында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс – шаралар ұйымдастыруға және өткiзуге.
      6. Азаматтарға, кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесiлi иттер екi жасынан бастап, тектi тұқымына қарамастан, өте қауiптi инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы мiндеттi түрде ветеринарлық алдын алу бойынша тексеруге жатады.
      7. Мысықтар екi айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминтозия бойынша зерттеуге жатады.

3. Қараусыз иттер мен мысықтардың санын реттеу және аулау.

      8. Иттер мен мысықтардың санын реттеу - қараусыз қалған жануарлардың санын азайту, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, жануарлардың ауруын ескерту мақсатында жүзеге асырылады.
      9. Иттер мен мысықтардың санын реттеу азаматтардың денсаулығына, мүлкiне, заңды тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келтiрмеу тәсiлiмен жүзеге асырылады.
      10. Иттер мен мысықтардың санын реттеу - оларды аулап, көзiн жою арқылы жүзеге асырылады.
      11. Қоғамдық орындарға иесiз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткен жануарлардан басқасы, қараусыз деп есептеледi және қаңғыбас жануарларды ұстайтын арнаулы мекеменiң аулауына жатады.
      12. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды жергiлiктi атқарушы органмен шарт жасасқан, онда аулап көзiн жоюдың тәртiбi мен жағдайы келiсiле отырып арнайы мекеме (бригада) жүзеге асырады.
      13. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауға психоневрология диспансерiнде есепте тұрмайтын, арнайы дайындалған адамдар жiберiледi.
      14. Ауланған қараусыз жүрген иттер мен мысықтардың көзi жойылып, қалалық малды көметiн орындарда тасталып, залалсыздандырылады.

4. Иттердi серуендету тәртiбi

      15. Иттердi серуендетуге рұқсат берiледi:
      1) иттердiң тұмсығына тұмылдырық кигiзiлген (декоративтiк тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 метрге дейiн), айналасындағыларға кедергi келтiрмей және мазаламайтын жағдайда;
      2) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететiн алаңдарда және осы мақсаттарға арналған еркiн серуендету орындарында иттi баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге.
      16. Иттердi серуендеуге рұқсат берілмейді:
      1) мiндеттi ветеринарлық алдын алу, тазалау шараларынан өткiзiлмесе;
      2) осы мақсаттар үшiн рұқсат берiлген немесе арнайы бөлiнген орындардан басқа, тиым салу белгiлерi орнатылған, аулалардың балалар алаңдарында, қалалық шомылу орындарында, спорт алаңдарында, мектепке дейiнгi және оқу орындарында, емдеу мекемелерiнiң аймақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
      3) мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға;
      4) дене күшi жағдайы бойынша маңындағылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайтын және 16 жасқа толмаған тұлғаларға иесiнен ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн иттердi серуендетуге жол берілмейді.
      17. Торапта көшелердiң жанында және көшеден өтер кезде иттiң иесi (иттi серуендеушi адам) оны жол - көлiк оқиғасын және иттiң жол үстiнде мерт болуын болдырмау үшiн қысқа бауда ұстауы тиiс.
      18. Тұрғын үйлердiң жанында иттердi серуендеуге шығарғанда, иттердiң иелерi түнгi сағат 23.00 - ден таңғы сағат 07.00 - ге дейiн тыныштықты қамтамасыз етуi тиiс.
      19. Иттi тұмылдырығымен және қысқа баулы шешiлiп кетуiн болдырмайтындай етiп байлап, оның иесi осы ғимараттың жайында болған уақытында, ғимараттың жанында қалдыруға болады, егер осы ретте басқа адамдарға, қоғамдық тәртiптiң бұзылуы мен қозғалысқа және иттiң өзiне қауiп туындамаған жағдайда. Осы ретте ит адамдардың өтуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.
      20. Ит қоғамдық орындарда тек қызметтiк тапсырмаларды орындау кезiнде ғана баусыз жүре алады.

5. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау тәртiбi

      21. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерiнен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану орындардан, сауда, жалпы демалатын шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артизиандық құдықтардан және өзен жағалауы мен оның жағасынан қашықтықта орналасқан арнаулы жабдықталған жабық орындарда ұстау керек.
      22. Жеке тұрғын үй иелерiнде бiр жанұя тұрған жағдайда, ветеринарлық санитарлық ережелерiнiң талаптарын сақтаған жағдайда, арнайы жабдықталған тұрақ жайда ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға рұқсат етiледi.
      23. Бiр тұрғын үйде бiрнеше жанұя тұрған жағдайда, сол үйде тұратын барлық көршiлердiң жазбаша келiсiмiмен өзiнiң аумағында ветеринарлық - санитарлық ережелерiнiң талаптарын сақтаған жағдайда, арнайы жабдықталған тұрақ жайда ауыл шаруашылық жануарларын ұстауға болады.
      24. Экзотикалық жануарларды ұстау мен көбейту ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
      25. Жануарларды ұстайтын орын жайлар механикалық түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиiс. Азықтардың қалдықтары және қоқыстар өз уақытында арнаулы белгіленген орындарда шығару қажет.
      26. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдағанда, жайғанда, серуендеткенде тұрғындардың қауiпсiздiгiне жануар иелерi жауап бередi. Жаңаөзен қаласының көшелерiнде, алаңдарында, гүлзарларда, қоғамдық көпшiлiк пайдаланатын орындарда, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарларды жаюға рұқсат етiлмейдi.
      27. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерiнде ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды (iрi қаралар, қойлар, ешкiлер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүндi аңдар) ұстауға болмайды.
      28. Жануарларды ұстауды, көбейтудi және пайдалануды ветеринарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асыру қажет.

6. Жануарларды сату, сатып алу және тасымалдау.

      29. Жаңаөзен қаласында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарлар жеке және мемлекеттiк меншiк нысанда болуы мүмкiн.
      30. Жануарларды белгiленбеген жерлерде, сондай - ақ жануардың ветеринарлық анықтамасы мен құжаттарсыз сатуға тиым салынады.
      31. Жануарды сату және сатып алу, жануардың жасы 2,5 - 3 айға толған уақытынан, тиiстi ветеринарлық құжаттамасы болған кезде жүзеге асырылады, ал жануар 2,5 - 3 айға толмаған кезде сатылса және ветеринарлық төлқұжаты болмаса, сатып алушыға күшiктiң, мысық пен басқа жануардың денсаулығының жағдайы жайында анықтама берiледi.
      32. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жануарларды жануарлар қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы, зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады.
      33. Жаңаөзен қаласының аумағына және Теңге, Қызылсай ауылдарында шет мемлекеттерден жануарлар алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптi сақтай отырып өкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
      34. Қала аумағынан және Теңге, Қызылсай ауылынан тыс жерге жануарларды тасымалдау (орын ауыстыру) және алып келу ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк органның берген арнаулы үлгiдегi ветеринарлық төлқұжаты мен жүргiзiлген вакцинасы мен денсаулығы туралы белгiсi бар ветеринарлық куәлiгi болған жағдайда жүзеге асырылады.
      35. Жануарларды әуе, темiржол және автомобиль көлiгiнде Жаңаөзен қаласынан тысқары жаққа тасымалдау осы көлiктердiң түрлерiнде жануарларды тасымалдау ережелерi негiзiнде жүзеге асады.

7. Жаңаөзен қаласында және Теңге, Қызылсай ауылдарында жануарларды ұстау Ережесінің орындалуын бақылау

      36. Мемлекеттiк ветеринарлық және санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органдары Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес:
      1) эпизоотикалық және эпидемиологиялық ауруларға қарсы шаралар жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;
      2) жануарларды қаладан тыс шығарғанда оларға ветеринарлық куәлiк бередi;
      3) қараусыз жануарларды аулау жөнiндегi қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетедi;
      4) жануарлардың иелерiнiң ветеринарлық және санитарлық талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      6) осы Ереженің талаптары сақталмаған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартады.
      37. Пәтер иелерiнiң кооперативi, тұрғын үй кооперативi, жеке жайлар иелерi кооперативi, көше комитеттерi:
      1) жануарды ұстаушы иелерiнiң есебiн жүргiзедi;
      2) өздерiне бекiтiлген аумақтарда немесе шағын ауданның аумағында құрылыстан бос iргелес жерлерде белгiленген тәртiппен тақтайша, белгi орната отырып иттердi серуендететiн орындарды белгiлейдi;
      3) жануарларды аулаумен шұғылданатын мекемеге өз ауласындағы қараусыз жүрген жануарлар туралы хабар бередi, ерiктi түрде қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауға қатысады;
      4) ветеринарлық қызмет мамандарына эпизоотиялық ауруларға қарсы шараларды өткiзуге жәрдемдеседi;
      5) жануар иелерiн жауапкершiлiкке тарту үшiн Ережені бұзғаны туралы фактiлердi өкiлеттi органдарға хабарлайды.

8. Жануарлар иелерiнiң осы Ережені сақталуына жауапкершiлiгi.

      38. Жеке және заңды тұлғалар осы Ереженің бекiтiлген талаптарын сақтамаған жағдайда, жануарлардың иелерi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 310-311 баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.
      39. Айыппұл салу немесе өзге шара қолдану кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгiленген тәртiпте шығынның орнын толтырудан босатпайды.
      40. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына және мүлiктерiне келтiрiлген зиян, заңнамада белгiленген тәртiпте жануарлар иелерiнiң есебiнен өндiрiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады