Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түпқараған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 қазандағы № 240 қаулысы. Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 қарашада № 11-6-126 тіркелді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № 463 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық әкімдігінің 2012.07.02 № 463 қаулысымен.
      Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1353 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 20 қараша № 535 «Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырысты орналастырудың Әдістемелік кепілдемені бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағадарламасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 2010 жылғы 1 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата - аналар төлемінің ең жоғары мөлшері 2010 жылғы 2 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбесін күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                             С.Трұмов

      Келісілді:
      О.Б.Жарылғапова
      Т.Алтынғалиев
      «Түпқараған аудандық білім беру бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Ибраева
      06 қазан 2010 жыл

Аудан әкімдігінің
06 қазан 2010 ж
№ 240 қаулысына
1 - қосымша

      1. Ауданның бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырмасының көлемі
      - балабақшада – 129903 тенге
      - мектеп жанындағы шағын орталықта - 106556 тенге
      - барлық шағын орталықтарда – 110653 тенге

Аудан әкімдігінің
06 қазан 2010 ж
№ 240 қаулысына
2 - қосымша

      Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата - аналар төлемінің ең жоғары мөлшері 10000 тенге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады