Қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 149 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 маусымда № 9-8-158 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 29.01.2015 № 18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодекстің 42 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары С.И.Досмұхамедовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі                    А. Кушнир

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы әділет
      министрлігінің қылмыстық атқару
      жүйесі комитетінің Қостанай
      облысы бойынша басқармасы
      Денисов ауданы қылмыстық-атқару
      жүйесінің инспекциясының
      аға маманы - аға инспектор
      _______________ В. Таран

Әкімдіктің       
2010 жылғы 20 мамырдағы 
№ 149 қаулысына    
қосымша        

Қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты мұздан тазалау
      2. Аумақты қардан тазалау
      3. Аумақты күл-қоқыстан тазалау
      4. Аумақты арамшөптен тазалау
      5. Ағаштарды шырпу
      6. Ағаштарды ақтау
      7. Ағаштар егу
      8. Қоршауларды жөндеу (ағаштан)
      9. Қоршауларды сырлау
      10. Ғимараттарды ақтау
      11. Ғимараттарды сырлау
      12. Гүлзарларды құру
      13. Көгалдарды қазу
      14. Шөп шабу
      15. Тұрмыстық қалдықтарды жою

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады