2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда № 9-15-124 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010.01.18 № 16 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі айдан көп);
      14) орта білім бітірушілері;
      15) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      16) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
      17) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
      2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
      3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-99, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2009 жылғы 12 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
      4. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 349 қаулысы жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының
      әкімі                                      Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________ С. Плотникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады