Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда № 9-15-99 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысымен

      Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2010.01.18 № 16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7–баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.
      2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
      3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 292 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-69, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 5 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Нұрғалиев

Әкімдіктің          
2009 жылғы 12 қаңтардағы   
№ 24 қаулысымен бекітілген 

Халықтың нысаналы топтарының
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымша өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009.07.29 № 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      1. Аз қамтылғандар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді     деп танылған адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) ықтиярсыз емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
      12. Елу жастан асқан адамдар.
      13. Бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері.
      14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
      15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
      16. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар.
      17. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар.
      18. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқаруына байланысты босатылған адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады