Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 392/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 маусымда N 12-2-145 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 21 тамыздағы N 551/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.08.2013 N 551/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 22 маусымдағы N 1-19/728 ұсынымы негізінде, Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округінің аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруы - қараталақтың эпизоотиялық таралу ошағын оқшаулау және жою мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жолқұдық селолық округінің аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған Жолқұдық селолық округінде эпизоотиялық ошақты алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық  іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Ағжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ол ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Агроөнеркәсіп кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Ақсу қалалық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      23 маусым 2010 ж.                          С. Әмірғалиев

      "Қазақстан Республикасы Ішкі
      істер министрлігінің Ішкі істер
      департаменті Ақсу қаласының
      ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      23 маусым 2010 ж.                          М. Әлиханов

      Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиялогиялық
      қадағалау басқармасының бастығы
      23 маусым 2010 ж.                          Т. Сләмбеков

Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы
23 маусымдағы N 392/4 қаулысына 
қосымша             

Жолқұдық селолық округінде эпизоотиялық ошақты алдын
алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ЖОСПАРЫ

р/с N

Іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

Барлық байланыста болған тұлғаларды қайта тексеріп шығу. Малды союға қатысқан және Жолқұдық селолық округінің Ребровка және Қаракөл ауылдарында осы малдың етін сатып алған тұлғалардың ортасын анықтау.
Жолқұдық селолық округі Ребровка және Қаракөл ауылдарының тұрғындарынан амалсыз сойылған малдың етін алу және оны жою

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), АОА КМҚК (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі

Карантин кезінде

2

Қараталақты қоздырудың ерекшеліктері, инфекцияны алдын алу және жою шаралары туралы тұрғындар арасында ветеринариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі,  Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі

Карантин кезінде

3

Ауыл шаруашылығы малдарына вакцина егуге лицензиясы бар ветеринариялық мамандардың қажет санын тарту және оны үш тәулік ішінде аяқтау

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Карантин мерзімінде

4

Жолқұдық селолық округінің Ребровка және Қаракөл елді мекендерінде және "Ветдез" ЖШС жайылым учаскесінде малдар болған қашалар мен үй-жайларды залалсыздандыруды ұйымдастыру

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі, Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Нұсқаулыққа сәйкес карантин кезінде

5

Жолқұдық селолық округі Ребровка және Қаракөл ауылдарының шекараларын жырту, карантин кезінде тәуліктік кезекшілікпен көлікті қолдана отырып залалсыздандыру тосқауылын жасау

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі, АҚІІБ (келісім бойынша)

Карантин кезінде

6

Жолқұдық селолық округі Ребровка және Қаракөл ауылдарының аумағына карантинді алғанға дейін барлық мал түрлерін, мал шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, жүн, тері) әкелуге, кіргізуге және шығаруға тыйым салу

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі, АҚІІБ (келісім бойынша)

Карантин кезінде

7

Жолқұдық селолық округінің аумағында және жануардың жиналған жерінде тәртіптің қатал сақталуын қамтамасыз ету (үй және дала жануарларының өлігінен тазалау, ластанған учаскелерді зарарсыздандыру)

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі, Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Карантин кезінде

8

Жолқұдық селолық округінің аумағында нұсқаулыққа сәйкес залалсыздандыру, дәрілеу және дератизациялау жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету және олардың сапасын бақылауды жүзеге асыру

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Ақсу қаласының ветеринария бөлімі, Жолқұдық селолық округінің әкімі,  Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Карантин кезінде

9

Қараталақ ауруына күдіктенген жануарлардың өлігін және осы жануарлардан алынған өнімдерді жағу жолымен уақытында жою

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі, Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Карантин кезінде

10

Малды жайылымда ұстауға арналған аумақты пайдаланған кезде қараталақ ауруы бойынша эпизоотиялық жағдайдың қатал есепке алынуына қол жеткізу

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі, Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Тұрақты

11

Малдарды маусымдық жаюға шығарған кезде мал иелерінің талаптарды қатал сақтауына қол жеткізу

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі, Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Тұрақты

12

Қататалақ ауруына күдіктенген кезде барлық мал басына термометрия жүргізуді, температурасы жоғары жануарларды жеке топтарға бөлуді ұйымдастыру және оларға ерекше және симптомдық ем көрсете отырып, толық оқшаулап ұстауды қамтамасыз ету

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі, Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Тұрақты

13

Жануарлар қараталақ ауруы сипатындағы белгілермен өлген кезде патологиялық материалды (құлақ, қан жағындысы және басқалары) арнайы буып-түйілген герметикалық ыдыста арнайы тапсырманы апарушымен ветеринариялық зертхананың РМК облыстық филиалына жіберуді қамтамасыз ету

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі, Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Көрсеткіштер бойынша

14

Карантин кезеңінде ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерін союға тыйым салу

ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ бас дәрігері (келісім бойынша), Жолқұдық селолық округінің әкімі, Ақсу қаласының ветеринария бөлімі

Карантин кезінде

15

Тұрақты медициналық бақылау және байланыста болған тұлғаларды бақылау

АОА КМҚК (келісім бойынша), Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ (келісім бойынша)

Карантин кезінде

Ескерту: аббревиатуралардың мағынасын ашу:

      ҚР АШМ АӨК МИК АҚАИ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы.
      АОА КМҚК -"Ақсу орталық ауруханасы"  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      Ақсу қаласы бойынша МСЭҚБ – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, АҚІІБ – Ақсу қалалық ішкі істер бөлімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады