Аудандық мәслихаттың (IV шақырылған, XIX сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 105/19 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 қыркүйектегі N 146/24 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 қазанда N 12-4-88 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 ақпандағы N 16 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.02.21 N 16 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына және Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 шілдедегі "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 224 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 161 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың (ІV шақырылған, ХІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 105/19 шешіміне (мемлекеттік тізілімінде N 12-4-75 болып 2010 жылғы 21 қаңтарда тіркелген, "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінің 2010 жылғы 3 ақпандағы N 8 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 3)-тармақшасындағы "кедейшілік деңгейінен" сөзі "азық-түлік себетінің мөлшерінен" сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 6)-тармақшасындағы "атаулы әлеуметтік көмек" сөзінен кейін "және балалар жәрдемақысын" сөзімен толықтырылсын және "аз қамтамасыз етілген" сөзінен кейін "көп балалы" сөзімен толықтырылсын;
      1-тармақтың 13)-тармақшасындағы "екі" сөзі алынып тасталсын, "курс" сөзінен кейін "және интернатура" сөздерімен толықтырылсын;
      1-тармақтың 17)-тармақшасындағы "ауданға" сөзінің алдында "облыс әкімінің гранты бойынша оқыған аз қамтылған отбасы балаларынан басқа, ағымдағы жылы" сөздерімен толықтырылсын;
      1-тармақтың 19)-тармақшасындағы бірінші абзацында "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" сөздерінен кейін "және балалар жәрдемақысын" сөздерімен толықтырылсын;
      1-тармақтың 19)-тармақшасындағы екінші абзацында "кедейшілік деңгейінен" сөздері "азық-түлік себетінің мөлшерінен" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ж. Ағамбаев

      Мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады