2011 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 4/916 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 868 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 1/148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.03.01 N 1/148 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
      2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарттар жасауға өкілеттік берілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың айлық еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      4. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
      1) 2011 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырсын.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67 «2010 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 12 ақпанда № 837 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 20 санында, «Вечерний Алматы» газетінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 21 санында жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның ресми түрде бірінші жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                        А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 6 желтоқсан № 4/916
қаулысымен бекітілген

2011 жылға арналған ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері*

№ р/с

Жұмыс түрлері

Жұмыс
істей-
тін
адам
саны

Ұйымдар

1.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинауға көмек

1692

«Ісмер» үй-жай иелері кооперативтерінің қауымдастығы, «KZ Building Co.Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Гаумер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы Алатау, Медеу, Жетісу, Түрксіб аудандары әкімдері аппараттарының коммуналдық шаруашылық бөлімдері, Алматы қаласы Әуезов, Бостандық, Жетісу аудандары әкімдері аппараттарының көріктендіру бөлімдері, Медеу ауданы Алатау кентінің әкімінің аппараты, «Жетісу» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Тұран» үй-жайлардың иелері кооперативтерінің қауымдастығы және тағы басқалар

2.

Құрылыс және жол жөндеу

66

Жол-пайдалану учаскелері және тағы басқалар

3.

Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру)

147

«Жасылжелекқұрылыс» акционерлік қоғамы, «Тәртіп» акционерлік қоғамы және тағы басқалар

4.

Өңірлік қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға көмек

1312

«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы аудандарының «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемелері, Алматы қаласы аудандарының әділет басқармалары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алмалы, Түрксіб аудандық филиалдары, Әуезов, Түрксіб аудандары әкімдері аппараттарының жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек биржасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Алмалы, Бостандық аудандары әкімдері аппараттарының полицияға қоғамдық жәрдемдесу штабы, «Алматы қалалық құқық тәртібін сақтауға жәрдемдесу қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Медеу аудандық Ішкі істер басқармасы, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақтау орны, Бостандық ауданының көші-қон полициясының басқармасы және тағы басқалар

5.

Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты өзге де жұмыстар

783

«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Жас Ұрпақ» қоғамдық қоры, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Алмалы, Әуезов аудандық филиалдары, «Көпбалалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қоры, Алмалы ауданының білім бөлімі, «Қарулы Күштердiң мүгедектеріне жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры, Алматы қаласының «Алатау» мүгедектер қоғамы, «Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қарасу» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Жігер» мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «№ 1 оқушылар үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Жетісу ауданының мүгедектер қоғамы, «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесі, «Шапағат» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің және мүгедектерінің қоғамдық қоры, Түрксіб аудандық мүгедектер ерікті қоғамы, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Әскер» құқықтық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және тағы басқалар


БАРЛЫҒЫ

4000


      ескертпе

* жұмыс түрлеріне қатысатын адамдар саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткізуге 2011 жылы қала бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
 
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Халықты жұмыспен қамту заңнамасының қоғамдық жұмыстарда жұмыссыздарға еңбекақы төлеу бөлігінде өзгерістер болған жағдайда еңбекақының мөлшері өзгеруі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады