2010 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы N 1/67 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2010 жылғы 12 ақпанда N 837 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 4/916 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2010.12.06. N 4/916 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-т. қараңыз).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға арналған ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
      2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарттар жасауға өкілеттік берілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің айлық еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
      4. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
      1) 2010 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
      2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырсын.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 6/1019 «2009 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 809 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2009 жылғы 14 ақпандағы № 18 санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 18 санында жарияланған).
      6. Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылы 29 желтоқсандағы № 5/835 «2010 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» қаулысы - жойылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67
қаулысымен бекітілген

2010 жылға арналған
ұйымдардың тізбелері, қоғамдық
жұмыстардың түрлері және көлемдері*

№ р/р Жұмыс түрлері Жұмыс істейтін адам саны Ұйымдар

1.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинауға көмек

1257

Алматы қаласы Алатау, Медеу, Түрксіб ауданы әкімдері аппараттарының коммуналдық шаруашылық бөлімдері, «KZ Building Co.Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ісмер» үй-жай иелері кооперативтерінің қауымдастығы, Алматы қаласы Әуезов, Бостандық ауданы әкімдері аппараттарының көріктендіру бөлімдері, «Жетісу» пәтерлердің меншік иелері кооперативтерінің қауымдастығы, «Тұран» үй-жайлардың иелері кооперативтерінің қауымдастығы, «Думан-1» үйлердің меншік иелері тұтыну кооперативі және тағы басқалар

2.

Құрылыс және жол жөндеу

100

Жол-пайдалану учаскелері және тағы басқалар

3.

Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру)

244

«Жасылжелекқұрылыс» акционерлік қоғамы, «Тәртіп» акционерлік қоғамы, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі мемлекеттік мекемесі, Медеу ауданы әкімінің аппараты және тағы басқалар

4.

Өңірлік қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға көмек

1174

«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы аудандарының әділет басқармалары, «Алматы қалалық құқық тәртібін сақтауға жәрдемдесу қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Медеу аудандық Ішкі істер басқармасы, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, Алматы қаласы аудандарының көші-қон полициясы басқармалары, «Правопорядок-Т» қоғамдық қоры, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Түрксіб аудандық филиалы және тағы басқалар

5.

Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты өзге де жұмыстар

1025

«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек биржасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қоры, Алматы қаласының «Алатау» мүгедектер қоғамы, Әуезов ауданының мүгедектер қоғамы, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Әуезов аудандық соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер кеңесі, «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесі, «Дана» отбасын әлеуметтік қолдау орталығы, «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры, «Қазақтың зағиптар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жас Ұрпақ» қоғамдық қоры, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы, «Аулада, кентте, қалада салауатты тұрмыс» қоғамдық бірлестігі, Түрксіб аудандық мүгедектер ерікті қоғамы, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жігер» мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қарасу» қоғамдық бірлестігі, «Жетысу ауданының көпбалалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі және тағы басқалар


БАРЛЫҒЫ

3800

* жұмыс түрлеріне қатысатын адамдар саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткізуге 2010 жылы қала бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
 
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Халықты жұмыспен қамту заңнамасының қоғамдық жұмыстарда жұмыссыздарға еңбекақы төлеу бөлігінде өзгерістер болған жағдайда еңбекақының мөлшері өзгеруі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады