Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы N 24-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда N 13-4-108 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы N 4-4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2012.06.14 N 4-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабына және Қазақстан Республиканың 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» заңының 10-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қосылып берілген ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       К.Нұрымбеков

      Аудандық
      мәслихат хатшысының м.а.                   Е.Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақжар ауданының
      ішкі істер бөлімінің бастығы               К.Бейсенбаев

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Ақжар ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      С.Кажкенова

      «Ақжар ауданының тұрмыстық-коммуналдық
      шаруашылығы жолаушылар көлігі
      және автомобиль жолдары
      бөлімінің бастығы                          Х.Омаров

      Ақжар ауданының
      ауылшаруашылық бөлімінің
      бастығы                                    А.Киманов

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
      министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенінің
      Мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжар
      аудандық аумақтық инспекцияның бастығы     М.Сматаев

      Ақжар ауданының
      ветеринария бөлімінің бастығы              К.Маликов

Аудандық мәслихатының
2010 ж. 24 маусым
№ 24-4 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

I. Жалпы ережелер

      1. Ақжар ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау осы Ережесі (әрі карай-Ереже), Ақжар ауданының елді мекендерінде үй жануарларын, негізінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстауын регламенттеу мақсатында сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерді бұзған үшін жауапкершілігін арттыру ретінде дайындалып, жасалды.
      2.Ережелер, меншіктік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға, қатысты.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес дайындалып, жасалды.

II. Иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершіліктері

      4. Иттер мен мысықтар иелері төмендегі аталған шарттарды орындауға тиісті:
      1) жануарларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, мейірімділікпен қарауға, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге тиісті;
      2) жануарларды осы Ережелерге сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге тиісті;
      3) айналасындағылардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, тиыштық, санитарлық ережелерді сақтаулары керек;
      4) иттерді, тек қана осыған әдейі арнауланған жерлерде қыдыртуға болады;
      5) жалпы пайдаланатын жерлерден ластардың жоюын тиісті;
      6) жануарлар адамдар мен басқа да жануарларды тістеп алған жағдайда, немесе сілекейленген және тырналанған жағдайларда иелері жергіліктегі жақын маңдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге дереу хабарлау қажет, жануарларды ветеринарлық мамандардың тексеруімен және карантиндік бақылауымен ветеринарлық емдеу орындарына жеткізуге міндетті;
      7) жануар өлген жағдайда оның өлексесін тек қана мал қорының аумағында көмуге тиісті;
      8) міндетті түрде белгіленген уақытта ветеринарлық шаралар өткізіп, жануарлардың карантиндік тәртіптемесін сақтауға тиісті;
      9) әр түрлі аумақтарды, объектілерді күзететін иттердің иелері аумақтың шыға берісінде ескерту кестесін орнатуға тиісті.

III. Жануар иелерінің құқықтары

      5. Әр жануар иесінің меншігі болып табылады және әр меншік сияқты заңмен қорғаланады.

IV. Иттер мен мысықтарды ұстау

      6. Рұқсат етіледі:
      1) жануарларды тұрғынжайда, соның ішінде пәтерлерде;
      2) көшеге, аулаға, басқа да қоғамдық орындарға тек байланған қысқа бас жібімен немесе тұмылдырықпен шығаруға;
      3) жолаушыларға кедергі келтірмесе, иттер мен мысықтарды көліктердің барлық түрімен тасымалдауға.
      7. Рұқсат етілмейді:
      1) мас күйіндегі тұлғаларға қоғамдық орындарға, халықтың жаппай дем алатын жерлерге иттердің барлық тұқымдарын қыдыртуға шығаруға;
      2) жануарларды жалпы пайдаланатын жерлерде ұстауға: кіреберістерде, шатыр астында, сатылық алаңшаларда, көп қабатты үйлердің аулаларында;
      3) жануарларды ашық балкондарда және лоджияларда;
      4) кіреберістерді, спорттық, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды, саябақ және скверлер аумақтарын жануарлармен ластауға:егерде жануарлар сол жерлерде экскременттерін қалдырса, оны жануарлар иелері жинайды;
      5) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, саудалық залдарда және азық-түлік дүкендердің өндірістік үй-жайларында иттер мен мысықтарды ұстауға және әкелуге.
      8. Иттер мен мысықтардың иелері үй жануарларын ұстаудың санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін сақтаулары қажет.
      9. Иттерді аулада ұстағанда, қақпаларда кіреберісте ескерту кестесі болуы қажет. Айналадағыларға тынышсыздық келтіруге мүмкіндік болғызбаған және қауіпсіздік туғызбаған жағдайларда, иттер мен мысықтарды күтіп ұстауға болатын саны шектелмейді.
      10. Иттер, мысықтар қоғамдық орындарда ерітіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, дүкендердің, емдік мекемелердің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсеттін кәсіп орындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, бақылаусыз болып есептеленеді және аулануға тиісті.

V. Иттер мен мысықтардың иелерін жауапкершілікке тарту

      11. Осы Ережелерді бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Респуликасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапкершілік етеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады