Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 36/213 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қаңтарда N 13-6-158 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 51/277 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.12.22 N 51/277 Шешімімен

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының 6-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2011 жылы Явленка селосының жалпы білім беретін оқу орындарының 1-4 сыныптар оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен ақысыз жүрулеріне құқық берілсін.
      2. Есіл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2010 жылға арналған аудан бюджетінен «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі түрінде оқитын оқушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулерін әлеуметтік қолдау» 471012 бағдарламасы бойынша 729 (жеті жүз жиырма тоғыз мың) теңге сомасында 2011 жылға арналған аудан бюджетінен қаражаттардың бөлінуі қамтамасыз етілсін.
      3. «Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/149 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қаңтарында № 13-6-137 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурыздағы № 12 (197) «Есіл таңы», 2010 жылғы 19 наурыздағы № 13 (8475) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған).
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      С. Қалиева                                 Б. Шериязданов

      Келісілді: 2010 жылғы 22 желтоқсан

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының білім,
      дене шынықтыру және спорт бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А. Әбдірахманов
      (АБДШжСБ)

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г. Стороженко
      (АЭжБЖБ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады