Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2011 жылға қосымша тізімін белгілеу жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы N 289 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 қаңтарда N 13-7-138 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2011 жылға қосымша тізімі қосымшаға сәйкес белгіленсін:
      1) 21 жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) жұмыссыз тұлғалар, 50 жастан асқан;
      3) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      4) ұзақ уақыт бойына жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      5) бір де біреуі жұмыс істемейтін отбасыларының тұлғалары.
      2. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мақсатты топтарға қосымша жатқызылған тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша уақытында іс-шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Сарбасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады