Исатай ауданында "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 шілдедегі N 131 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 4-4-169 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Әділет департаментінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 3-2963/12 хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Әділет департаментінің 2012.05.28 № 3-2963/12 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 «Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына және 2010 жылғы 8 шілдедегі № 161 «Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 «Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Құрманғалиева) селолық округ әкімдерімен және аудан көлеміндегі жұмыс беруші кәсіпорын, мекемелермен бірлесіп, «Жастар тәжірибесіне» арналған жұмыс орындарын ұйымдастырсын және осы мақсатта бөлінген қаражатты толық, уақытылы игеруді жұмыс берушілермен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етсін.
      2. Қосымшаға сәйкес «Жастар тәжірибесіне» байланысты жұмыс беруші кәсіпорын, мекемелердің тізбесі бекітілсін (келісім бойынша).
      3. «Жастар тәжірибесіне» жоғарғы оқу орнының, колледж немесе кәсіптік лицейдің түлектері тартылсын.
      4. Олардың еңбегіне ақы төлеуді уәкілетті орган жасаған еңбек шарттары негізінде, іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару арқылы жүргізіліп, бюджеттен бір қатысушыға есептелетін орташа айлық мөлшері 20000 теңгені құрайды деп есептелінсін.
      5. Аудан әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 85 «Исатай ауданында «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 11 маусымында № 4-4-139 тіркелген, 2009 жылғы 25 маусымдағы «Нарын таңы» газетінің № 26 (3406) санында жарияланған);
      2) аудан әкімдігінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 113 «Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 85 «Исатай ауданында «Жастар тәжірбиесін» ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 29 шілдеде № 4-4-142 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы «Нарын таңы» газетінің № 32 (3412) санында жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
      7. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі:                             Б. Қарабаев

ЖКЭДИАБМИ: ________ АЖАҚИАЭЖБ:________ АӘББ: ___________ АЖҒӨОИАФЖ:
АҚББ: _________ АОАБД: _______ ИАСТ:_______ РМҚКАОСЭОИАФД:__________ АСББ: _________

Келісілді:
«Жайық Каспий экология»           Аудандық салық басқармасының
департаментінің Исатай ауданы     бастығы
бойынша мемлекеттік испекторы     ___________________ К. Насипов
К. Науанов __________________

23.07.2010 ж.                     23.07.2010 ж.
Аудандық Әділет басқармасының     Атырау жер ғылыми өндірістік
бастығы                           орталығының Исатай аудандық
23.07.2010 ж. Н. Жұбанов          филиалының жетекшісі
23.07.2010 ж.                     Ж. Сұлтанбеков

Аудандық қазынашылық              Аудандық орталық аурухананың
басқармасының бастығы             бас дәрігері

23.07.2010 ж. Ш.Садықова          23.07.2010 ж. С. Айдаралиев

Исатай аудандық сотының           «Атырау-Жарық»Акционерлік
төрағасы                          қоғамы Исатай аудандық электр

23.07.2010 ж. Е.Майпасов          жүйесінің бастығы

                                  23.07.2010 ж. Ә. Төлебаев

РМҚК «Атырау облыстық
санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы» Исатай
аудандық филиалының
директоры_ _Г.Хисметуллина

23.07.2010 ж.

Аудан әкімдігінің   
2010 жылғы 26 шілдедегі 131
қаулысына қосымша   

Жастар тәжірибесін» ұйымдастыратын кәсіпорын мекемелер тізімі

Мекемелер аты

Адам

1

Аудандық білім бөлімі

6

2

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

3

3

Жайық–Каспий Экология департаментінің Исатай ауданы бойынша бөлімі (келісім бойынша)

3

4

Аудандық салық басқармасы (келісім бойынша)

3

5

Аудандық жер қатынастары бөлімі

1

6

Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

4

7

Селолық округтер әкім аппаратттары

15

8

Аудандық Әділет басқармасы (келісім бойынша)

3

9

Аудандық қазынашылық басқармасы (келісім бойынша)

3

11

Аудан әкімдігі

2

12

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі

2

13

Аудандық құрылыс бөлімі

2

14

Атырау жер ғылыми өндірістік орталығының Исатай аудандық филиалы (келісім бойынша)

1

15

Аудандық аурухана (келісім бойынша)

1

16

Аудандық ішкі саясат бөлімі

1

17

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

1

18

Исатай аудандық соты (келісім бойынша)

1

19

РМҚК «Атырау облыстық санитарлық–эпидемиологиялық сараптама орталығы» Исатай аудандық филиалы

1

20

«Атырау–Жарық» Акционерлік қоғамы Исатай аудандық электр жүйесі

1


Барлығы

54

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады