Аудан бойынша тіркелген салық салу объектілеріне қатысты 2011 жылға салық мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 226-IV шешімі. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қаңтарда № 4-4-173 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 43-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2012.05.25  № 43-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексінің 422 бабының негізінде Исатай аудандық салық басқармасының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 2788 санды ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан бойынша тіркелген салық салу объектілеріне қатысты 2011 жылға салық мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Қабделов) жүктелсін.
      3. Аталған шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХІІ сессиясы төрағасы:                       Б. Аманбай
      Аудандық мәслихат хатшысы:                    Ж. Қадимов

2010 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 226-ІV нормативтік құқықтық

кесімге қосымша     

Исатай ауданы бойынша тіркелген салық салу объектілеріне қатысты 2011 жылға салық мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

ҚР Салық кодексінің 422 бабы 1 бөлімі

Жиынтық салық ставкасы

Айлық есептік көрсеткішпен

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1-12

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1-18

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1-4

1

4

Ойын жолы

5-83

50

5

Карт

2-12

10

6

Бильярд үстелі

3-25

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады