Аягөз ауданының Қарағаш ауылдық округіне ветеринарлық шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қарашадағы N 238 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 10 желтоқсанда N 5-6-126 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 05/754 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Қарағаш ауылдық округі бруцеллез ауруынан қолайсыз мекен деп жариялансын.
      2. Аягөз ауданының Қарағаш ауылдық округі карантинді аймақ деп танылып, ветеринарлық шектеу қойылсын.
      3. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Муканов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (М. Будукова) (келісімі бойынша), жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі                            Ә. Мұхтарханов
 

      Келісілді:

      Аягөз аудандық аумақтық
      ауыл шаруашылық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық бас инспекторы             А. Муканов

      Аягөз аудандық санитарлық
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                М. Будукова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады