Есенсай ауылдық округінің Тасоба елді мекеніне және Тама қыстағы аумағында қарасан ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы N 19 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 желтоқсанда N 7-2-109 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің 2010.12.23 N 21 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылдың 18 қарашасындағы N 567, 569, 571 сараптау актілеріне сәйкес, Ақжайық ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 23 қарашасындағы N 774 Есенсай ауылдық округінің Тасоба елді мекені және Тама қыстағы аумағында қарасан ауруы шығуына байланысты қарантин салу туралы ұсыныстарын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің Тасоба елді мекені және Тама қыстағы аумағында қарасан ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіліп,карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      3. Шешімнің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік аудандық аумақтық инспекциясының Есенсай ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы К. К. Аристангалиевке (келісім бойынша), "Есенсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мал дәрігері Ж. К. Медетовке, бақылауды "Есенсай ауыллдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б. Жумказиеваға тапсырылсын.

      Есенсай ауылдық округінің
      әкімінің міндетін атқарушы          Б. Жумказиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады