Аудан әкімдігінің "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 30 наурыздағы № 100 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 23 ақпанда № 7-5-107 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 28.05.2013 № 143 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 100 (нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеу тізілімінде N 7-5-85 тіркелген және 2009 жылы 13 маусымда "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 56-1, 57-1, 58-1, 59-1 жолдарымен толықтырылсын:
      56-1. "Жаңақала аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      57-1. "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
      58-1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ауданаралық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      59-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот Әкімшілігі жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық соттар Әкімшілігі Жаңақала аудандық аумақтық учаскесі.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 20 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                  Т. Т. Мерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады