2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 199 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 11 маусымда N 7-7-112 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазастан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 маусымдағы N 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазастан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2011.06.24 N 344 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15-ші сәуірдегі N 313 Қаулысын басшылыққа алып, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қажетті қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
      6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Переметный аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Дариян аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер–мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерулерін және емделуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. "Аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. "Аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
      9. "Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақырудың барысы туралы аудан әкіміне дер кезінде мәлімдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2010 жылдың 11 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.
      10. Аудан әкімдігінің "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы N 208 қаулының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-7-90 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 30 мамырдағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
      12. Осы қаулы, алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 15 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ауданның Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      подполковник А. Измайлов
      29.04.2010 ж.

      Переметный аудандық емхана
      директоры А. Өтепбаев
      29.04.2010 ж.

      Дариян аудандық емхана
      директоры Е. Еслямов
      29.04.2010 ж.

      Аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      полковник Ж. Жұмағалиев
      29.04.2010 ж.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 30 сәуірдегі
N 199 қаулысына 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Ават Мұғалімұлы Измайлов

ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Армат Амангелдіұлы Байғазиев

аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Қадыров Рафик Ғазымжанұлы

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Хойсы Ғилманқызы Аюпова

Переметный аудандық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Надия Абриковна Ахметова

Дариян аудандық емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Райгүл Халимуллаевна Надеркулова

Переметный аудандық емхана рентген лобаранты, комиссия хатшысы

Камия Төребекқызы Жулаева

Дариян аудандық емхана төберкулез кобинетінің медбикесі, комиссия хатшысы

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы

Гуляев Юрий Александрович

Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Нұрлан Бақтығалиұлы Акаев

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Мұрат Отарбайұлы Кереев

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Тналиева Дариға Уалиахметқызы

Переметный аудандық емхана жасөспірім дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Нүркасимова Қарылғы Аманқосқызы

Дариян аудандық емхана жасөспірім дәрігері, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Сандуғаш Сайнқызы Айткалиева

Аудандық қаржы бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы

      Аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі аудандық қорғаныс істері бөлімінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 8.30-дан 12.30-ға дейін белгіленсін.

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 30 сәуірдегі
N 199 қаулысына 2 қосымша

Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу кестесі

N

Корғаныс істері жөніндегі бөлім

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

Корғаныс істері жөніндегі бөлім

17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30

2, 3, 5, 6, 7, 8, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30

2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30

1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30, 31

3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28

1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 24, 25, 26, 29

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады