2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 344 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 шілдеде № 7-7-128 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012.01.27 қаңтардағы N 9 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды шақыру комиссиясынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      5. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов ауданының ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуге дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Зеленов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды шақыру учаскелеріне жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. "Зеленов ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуге байланысты шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
      8. "2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды туралы" Зеленов аудан әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 30 сәуiрдегi № 199 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7-7-112 болып тiркелген, 2010 жылғы 19 маусымда "Ауыл тынысы" газетінде № 25 жарияланды) күшi жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
      10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Зеленов
      ауданының орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________А. Өтепбаев
      24.06.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Зеленов
      ауданының ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ғ. Ислямов
      24.06.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      ішкі істер департаменті
      Зеленов ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы
      полковник
      _____________Ж. Жұмағалиев
      24.06.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      Зеленов ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы, майор
      _____________М. Есенов
      24.06.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 344 қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Марат Владимирұлы Есенов

Зеленов ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Армат Амангелдіұлы Байғазиев

Зеленов ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Рафик Газимжанович Қадыров

Зеленов ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Хойсы Ғилманқызы Аюпова

Зеленов ауданының орталық аурухана директорының орынбасары Переметный ауылы медициналық, комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Жанетта Саберлиевна Бисенбаева

Зеленов ауданының аурухана дәрігер - терапевт Дариян ауылы, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша)

Гүлдана Талгатовна Айткалиева

Зеленов ауданның орталық аурухана медбикесі, Переметный ауылы комиссия хатшысы

Гулмира Каиржановна Есенгарина

Зеленов ауданының аурухана медбикесі Дариян ауылы, комиссия хатшысы

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
резервтік құрамы

Гуляев Юрий Александрович

Зеленов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Ақаев Нұрлан Бақтығалиұлы

Зеленов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Кереев Мұрат Отарбайұлы

Зеленов ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Тналиева Дариға Уалиахметқызы

Зеленов ауданының орталық ауруханасының дәрігері-терапевті Переметный ауылы медициналық комиссия төрайымы, (келісім бойынша)

Нұркасимова Қарылға Аманқосқызы

Зеленов ауданының аурухана дәрігері-терапевті Дарьян ауылы, медициналық комиссия төрайымы

Надеркулова Райгүл Халимуллаевна

Зеленов ауданының аурухана медбикесі, комиссия хатшысы

Аудандық медициналық комиссияның құрамы:

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер

      Дәрігер мамандар:
      Хирург
      Офтальмолог
      Невропатолог
      Дерматолог
      Стоматолог
      Отоларинголог
      Терапевт
      Психиатр
      Фтизиатр

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 344 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

№ р/с

Атауы

Комиссияның жұмыс күндері

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

жел-
тоқсан

1

"Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1, 4, 5, 6, 7, 8, 11

-

-

3, 4, 5, 6, 7, 10, 11

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады