Талдыапан ауылдық округінің Талдыапан ауылында карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 250 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 2 желтоқсанда N 7-8-118 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 13.12.2010 N 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, Казталов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 22.11.2010 жылғы N 883 ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдыапан ауылдық округінің Талдыапан ауылы аумағында ірі қара малынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Талдыапан ауылдық округінің әкімі А. А. Садықовқа және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. С. Малаховқа (келісім бойынша) орындау ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Т. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      ҚР АШМ АӨҚ мемлекеттік
      инспекция комитетінің
      Казталов аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Малахов Арген Сәбитұлы
      22.11.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады