Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің "Жаңақоныс" елді мекенінде карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы N 157 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда N 7-10-88 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 13.09.2010 N 269 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің "Жаңақоныс" елді мекенінде ірі қара малдарын құтыру ауруы шығуына байланысты карантин режімін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Карантинің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Сарой ауылдық округінің әкіміне және "Сырым аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Е. Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Сырым аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы_____________Т. Қобдабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады