Аудан бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 3 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 4 ақпанда N 7-13-121 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 05.01.2011 N 1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Зандарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шыңғырлау ауданы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              М. Тоқжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Шыңғырлау ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________Шутанов М. Б.
      28.01.2010 ж.

      Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
      "Шыңғырлаукомтехсервис"
      мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорынының бастығы
      ____________Жұмашев М. М.
      28.01.2010 ж.

      "Шыңғырлау ауданының қарттар
      мен мүгедектерге арналған
      жалпы үлгідегі медициналық-
      әлеуметтік мекеме" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      ____________Карташова Т. П.
      28.01.2010 ж.

ҚОСЫМША
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 қаңтардағы
N 3 қаулысымен бекітілген

Шыңғырлау ауданы бойынша 2010 жылы
қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты
жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері
және оларды қаржыландырудың көздері

N

Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

2

3


"Шыңғырлау аудан әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Ащысай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Алмаз селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Белогор селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Лубен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Полтава селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі,
"Шыңғырлау ауданының ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
"Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
"Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
"Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
"Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме" мемлекеттік мекемесі,
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару

Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін ағымды жөндеу жұмыстарына қажетті жағдайда қосымша көмектесу

Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру

Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру шараларды өткізу

Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету

Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су кұдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау

Малды қолдан ұрықтандыру, мал басын бірдейлендіру жұмысын ұйымдастыруға қосымша жәрдемдесу

Түрлі пайдасыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыруды ұйымдастыру

Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету

кестенің жалғасы

N

Көлемі мен нақты жағдайлары

Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері

Қаржыландыру

дың көздері

1

4

5

6


Қазақстан Республикасындағы Еңбек Заңдарына сәйкес жұмыс берушілермен белгіленеді

Ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмасын

Жергілікті бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады