Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2010 жылғы 30 қарашадағы N 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсанда N 7-13-135 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 18.01.2012 N 1 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2010 жылғы 18 қарашадағы N 429 ұсынысына сәйкес, бруцелез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округте тұрғындарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қой мен ешкі малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Ақбұлақ селолық округі аумағына 2011 жылдың 1 қаңтар айынан бастап шектеу іс-шаралары енгізілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық мал-дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Қодароваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                      С. Ұржанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Шыңғырлау
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Қалмен Толыбай Қалменұлы
      30.11.2010 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Шыңғырлау
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Досқазиев Сайн Төлегенұлы
      30.11.2010 ж.     

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық–
      эпидемиологиялық қадағалау
      Комитетінің Батыс Қазақстан
      облысы бойынша департаменті
      Шыңғырлау ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Сабиров Ермек Хатимұлы
      30.11.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады