Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 297/46-4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 қаңтарда № 1-17-160 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 127/16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 26.06.2017 № 127/16-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 422 бабының 2 тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 164/25-4 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-129 болып тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда аудандық "Призыв", "Ұран" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Д.Қамзебаев
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Мәжіренов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Ақмола облысы бойынша Салық Комитетінің
Целиноград ауданы бойынша Салық
Департаментінің Салық Басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
С.Мырзабаев

  Целиноград аудандық мәслихатының
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 297/46-4 шешіміне
қосымша

Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын
барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген
салық ставкалары (айына салық салудың бір бірлігіне)

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

3

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4.

Карт

3

5.

Бильярд үстелі

3

6.

Ойын жолы

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады