Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 164/25-4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда № 1-17-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 297/46-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 297/46-4 шешімімен
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 422 бабының 2 тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім Целиноград ауданы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы               Т.Қуандықов

      Целиноград аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б.Мәжіренов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігінің
      Ақмола облысы бойынша
      Салық Комитетінің
      Целиноград ауданы бойынша
      Салық Департаментінің
      Салық Басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                   А.Мелдебеков

Целиноград аудандық
мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 164/25-4 шешіміне қосымша

Целиноград ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары
(айына салық салудың бір бірлігіне)

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың
бірыңғай ставкалары
(айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Карт

3

5

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады