Ырғыз ауданының кейбір әкімдігінің қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 218 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қазандағы № 191 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 қарашада № 3-5-145 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 425-ІV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ
      1. Ырғыз аудандық әкімдігінің кейбір қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қосаяқовқа жүктелсін.
      3. Осы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі:

М. Дуанбеков

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы:

Б. Балдан

      Аудандық мәслихат хатшысы:

М. Өтемұратов


2011 жылғы 27 қазандағы № 218/191 Ырғыз аудандық әкімдігінің қаулысына және мәслихаттың шешіміне қосымша

Өзгерістер енгізіліп отырған Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулылары мен мәслихаты шешімдерінің тізбесі

      Ырғыз ауданының кейбір әкімдігінің қаулылары мен мәслихатының шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Тәуіп селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 242/109 Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-108 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда № 3-5 «Ырғыз» газетінде жарияланған):
      қаулы мен шешімнің кіріспесінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына» деген сөздер алынып тасталынсын.
      2) «Аманкөл селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 255/61 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 243/110 Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-109 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда № 3-5 «Ырғыз» газетінде жарияланған):
      қаулы мен шешімнің кіріспесінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына» деген сөздер алынып тасталынсын.
      3) «Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 256/62 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 244/111 Ырғыз ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-110 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда № 3-5 «Ырғыз» газетінде жарияланған):
      қаулы мен шешімнің кіріспесінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына» деген сөздер алынып тасталынсын.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады