Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпанындағы № 24 "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 65 қаулысы. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 мамырда № 3-12-133 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 11.05.2016 № 173 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 24 "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-112 тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13 нөмірлерінде жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
      1) аталмыш қаулының 1-тармағы 8), 9) тармақшалармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      8) уәкілетті органның жолдауымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды тәмәмдаған жұмыссыздар;
      9) маусымдық және уақытша жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады