Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 173 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

  Хромтау ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 11 мамырдағы
  № 173 қаулысына қосымша

"Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" қаулылардың тізбесі


Қаулы №

Қабылдаған күні

Қаулының атауы

1

31
27.01.2015ж
"Хромтау ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы"

2

133
26.03.2013ж
"Хромтау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 82 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы"

3

82
20.03.2012ж
"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"

4

29
08.02.2012ж
"Хромтау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"

5

65
27.04.2011ж
"Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпанындағы № 24 "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы"

6

24
10.02.2010ж
"Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы"

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады