Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы N 1137 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 17 қаңтарда N 2-8-190 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31- бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Занының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарында және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады