2011 жылғы көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 271 Қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қазанда № 1795 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі «Оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» № 444 Қаулысын іске асыру мақсатында, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.2011 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша шет елдерден Жамбыл облысына көшіп келетін 1840 оралман отбасылары аудандар мен Тараз қаласына қоныстандырылсын.
      «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
      1) квота бойынша келетін оралмандарды қабылдауды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы «Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы» № 15 Қаулысына сәйкес қосымша жеңілдіктер тағайындауды қамтамасыз ету;
      2) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың уақытылы ресімдеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2.Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері оралмандар отбасыларына тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөліп, оралмандарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.
      3.«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
      4.«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.
      5.«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мен «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес көшіп келген оралмандарға жәрдемақылар мен зейнетақылар тағайындап, төлеу бойынша жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.
      6.«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқын оралмандарды орналастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде хабардар етсін.
      7.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековке жүктелсін.
      8.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                                Қ. Бозымбаев


«КЕЛІСІЛДІ»
«Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Жамбыл облыстық
филиалының директоры
А.Аймағамбетов
05.09.2011 жыл

«Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Аймағамбетов
12.09.2011 жыл

«Жамбыл облысы бойынша
бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің директоры
Ә.Тұрысов
05.09.2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады