Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелекте толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 03 мамырдағы N 1476 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 13 мамырда N 10-9-204 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы N 1936 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.06.13 N 1936 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарда бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                              Н. НӘЛІБАЕВ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады